• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бүгін ЭКСПО-2017 үздік тұмарына дауыс беру басталды 04.08.2014

ЭКСПО және Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаны өткізіп алмаңыз және  www.expo2017mascot.kzсайтында ең үздікке дауыс беріңіз.  Бүкілхалықтық дауыс беру қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазы – ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми маскотының авторы анықталады.

Дауыс бер, жеті маскоттың біреуінің бір бөлігіне айналып, өз достарыңмен бөліс және ЭКСПО-2017-ден естелік сыйлықтар ойнатылымына қатыс! Сыйлықтар ойнатылымына жеңімпаз-маскот командасы қатысады.

Конкурс атына бүкіл әлемнен 80-нен астам жұмыс жіберілді, оның ішінде Бразилиядан, Мексикадан, Венесуэладан, Португалиядан, АҚШ, Германиядан, Швейцариядан, Ұлыбританиядан, Испаниядан, Босния мен Герцеговинадан, Бельгиядан, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ресей, Қазақстан және басқа елдерден.

Конкурс жеңімпазы ЭКСПО-2017 маскотының брендбугын әзірлеуге шарт бекітеді, сондай-ақ өзінің атына халықаралық көрме тұмарының авторлығын ресми түрде бекітеді.

ЭКСПО-2017 маскоты («тұмары»)– бұл алдағы іс-шара тақырыбы мен қабылдаушы ел – Қазақстан Республикасы мәдениетінің ерекшеліктерін ашатын жанды немесе жансыз кейіпкер.


Back to the list