• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған шетелдік тауарлар кедендік баж бен салықтан босатылды 23.07.2014

Еуразия Экономикалық Кеңес Комиссиясының 10-шы отырысында тауар категорясының тізіміне өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістерге байланысты бірқатар тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізілуі мүмкін.

Яғни, бұл Кедендік одақ шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларды кедендік баж бен салықты төлеусіз орнықтыруға, сонымен қатар бейтарифтік реттеу өлшемін  қолданбауға жол береді. Бұл тауарлар «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырыған көрмесіне арнайы кедендік рәсімімен ұйымдастыруға және өткізуге арналған шешім.

Аталмыш шешімді қабылдаудың басты мақсаттарының бірі  - бүкіл жоба шығындарын  арзандатуға талпыну. Нәтижесінде көрмеге шетелдік қатысушылардың құжаттарын кедендік рәсімдеу үрдісі айтарлықтай оңтайлана түседі.  

Бұл тауарлар арнайы кеден рәсімінен «ЭКСПО-2017» мамандырылған көрмесі аяқталғаннан соң, 6 айдан аспайтын мезгілде алынады. Сонымен қатар, тауарларды  коммерциялық мақсатта қолдануға жол берілмейді.

 

 


Back to the list