03.07.2014
«Әуежай құрылысын да сізге баяндағанбыз. Бірінші кезеңді қыркүйкте бастап кетеміз, сосын коммуникация, желі мен ғимараттарды сүру жұмыстарын қолға аламыз. Құрылыс жұмыстары сонымен қатар ескі әуежайдың бір бөлігін де қамтиды», - дейді Асқар Мәмин.
Сонымен қатар, А.Мәминнің айтуынша, ұшу-отырғызу жолағының құрылысы әзірге жоспарда жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Астана нысандарымен танысу барысына Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс алаңында да болды.
Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев құрылыс компаниялары мен мемлекеттiк органдары өкiлдерiнің көрме кешенiн салу қарқыны туралы есептерiн тыңдап, жұмыс барысын талқылауда. «Sembol», «Mabetex», «BI-Group», «Базис-А», «САЭМ», Mega Managment, Astana Innovation, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ өкiлдерi Мемлекет басшысын өз жобаларымен таныстырады.
Мадина Нұрбекова