03.07.2014
«Халықаралық бюроның талаптарына сәйкес, көрмені ұйымдастырушы ел қатысушыларға 1300 пәтер ұсынады. Бұл орайда Үкіметтің тапсырысы бойынша жылжымайтын мүлікті және халықаралық көрмеге арналған көңіл көтеру орталығын қаржыландыру механизмі құрылды», - деді Т. Ермегияев.
Ол атап өткендей, Ұлттық компания құрылыс үшін жер беруді де ойластырып қойған.
«Бұл 12 га жер. Құрылыс компаниялары «Базис» пен «BI-Group» болып есептеледі. Ал қаржыландыру «Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асады», - деді Т. Ермегияев.
Оның айтуынша, ұлттық компания көңіл көтеру орталығының құрылысына жер ұсынды.
Мадина Нұрбекова