• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі АҚШ-та ұсынылды 03.07.2014

 Осы күндері америка халқы қазақстандық өнердің бас шеберлерінің өнерімен танысып, Астана қ. Астана күніне арналған фото көрмеде болды. Сондай-ақ Қазақстан Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені ұсынды. Ұлттық стильде және экологиялық таза материалдардан жасалған арт-инсталляция ЭКСПО 2017 көрмесінің Болашақ энергиясы тақырыбын көрсетеді.

 Мәдениет күні шеңберінде АҚШ-тың беделді залдарында - Вашингтондағы Кеннеди-орталығы мен Нью-Йорктағы Карнеги холлда Республиканың жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен салтанатты концерттер өтті, деп көрменің баспасөз қызметі хабарлады.

Концертке Қазақстанның Халық әртісі - Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұхамедқызы, Жанат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері - Талғат Мұсабаев, ЖәмиляЖәркімбаева, Айгүл Қосанова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Нүркен Әшіров және басқалары, сондай-ақ Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Қазақ Мемлекетік капелла хоры қатысты.

Концерттік бағдарламада қазақ, америка және Батыс Еуропа музыкасы шырқалды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаевтің айтуынша, Қазақстан Республикасы Мәдениет күндерін АҚШ-та өткізу америка халқының қазақ мәдениетіне қызығушылықтарын тудыратыны сөзсіз.

«Бұл іс-шара қазақстандық-американдық мәдени байланыстардың дамуындағы жаңа кезеңге айналады. Сонымен қатар бұл Нью-Йорк және Вашингтон тұрғындарына ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтуға тамаша мүмкіндік береді», -деп атап өтті А.И. Бөрібаев.

ЭКСПО-2017 Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін 3 ай жалғасады. 100-ден астам елдердің, 10-нан астам халықаралық ұйымдардың және инновациялық технологиялар саласындағы әртүрлі жетекші компаниялардың қатысуы жоспарлануда.

93 күн ағымында күн сайын ауқымды шоулар, тақырыптық мерекелер, сахналық өнердің әйгілі фестивальдары, концерттер, көркемдік көрмелер, театр қойылымдары мен басқа мәдени іс-шаралар өтеді, олар көрмеге қатысушы елдердің әралуандығын көрсетеді.

 


Back to the list