• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Президенті ЕХРО-2017 туын салтанатты түрде қабыл алды 12.06.2014

«Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде жеңіске жетті, біздің делегация тіркелу досьесін сәтті қорғап шықты, күні кеше ғана Қазақстанға ту тапсырылды. Ол – Қазақстанға деген сенімнің нышаны. Мен отырысты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің туын қабылдау салтанатынан бастасақ деймін», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесін аша отырып. 

Айта кетейік, кеше ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Францияға сапары барысында қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 155-ші сессиясына қатысты.

Сессия барысында ХКБ мүшелері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ресми түрде мойындап, Ұйым Президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшы Висенте Лоссерталес ХКБ жалауын ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысына тапсырды.

EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Оған 100-ден аса мемлекет, инновациялық технология саласында қызмет істейтін 10-нан аса алдыңғы қатарлы халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда. 

 


Back to the list