06.03.2017
Айта кетерлігі, бағдарламаның жүзеге асуы кезеңінде – 2014-2016 жылдары 12 462 білім гранты бөлінді, оның ішінде 9212 – ЖОО-да оқу үшін, 3 250 – колледжде білім беру үшін.
«2016-2017 оқу жылдары 4212 білім гранты 54 қажеттілік танытқан мамандық бойынша 22 ЖОО-да бөлінді, мемлекеттік тапсырыс 1050 орындық 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 28 қажеттілік танытқан мамандық бойынша бөлінді», - делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, бағдарлама бойынша 125 түлек бітірді. Қазіргі таңда 11 605 студент 9 аймақта білім алуда, оның 2 931 – 53 колледже, 8674-і 22 жоғарғы оқу орнының студенті. 2017-2018 оқу жылдарына қосымша 5 мың грант бөлінді.
Бағдарлама шәкіртақы қарастырады, жатақхана мен жұмысқа орналастыру қарастырылған. «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 15 ұлттық өкілі білім алуда.