• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты мектебі ашылады 10.02.2015

«Бүгінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы  мемлекеттік жастар саясаты бойынша оқу бағдарламасын жасақтауда және ол Еуразиялық ұлттық университеті  базасында енгізіледі. Біз Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты мектебін ашуды жоспарлап отырмыз және ол алғашында ғылыми-зерттеу орталығы базасында сыналады», - деді  Ж.Бұқанова.

Бұдан басқа, Ж.Бұқанова  Еуразиялық ұлттық университет негізінде мемлекеттік жастар саясаты бойынша арнайы кафедраны ашу мүмкіндігін жасырмады. «Бүгінде жастармен жұмыс істеу біліктілікті қажет етеді. Шет мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай жастармен жұмысқа тек сертификаты бар мамандар ғана жіберіледі», - деп атап өтті ол.

Ол толықтырып кеткендей, заңның 24 бабы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметіне арналған. «Дәл осы орталық Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастар саясаты саласында терең зерттеулер жүргізіп, проблемаларды саралайтын болады», - деп сендірді ҒЗИ директоры.

Камила Амирова


Back to the list