• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада еуразиялық интеграция елдерінің мемлекеттік органдарының депутаттармен өзара әрекеті туралы Қарар қабылданады (Видео) 20.11.2014

«Форум ТМД мен Еуразиялық интеграция елдерінің депутаттарын біріктіру мақсатында өткізілуде. Бізге - бастамашы ретінде Қазақстандағы депутаттық кешеннің әлеуетін арттыру маңызды және осы күрделі іске жастарды араластыру», - деді О.Толкайлов.

Жалпы форум жұмысына ТМД елдерінен келген 30-дан астам депутат қатысуда. Ал, қазақстандық тараптан жас 18 депутат атсалысуда.

«Форумның қорытындысы бойынша басты құжат Елбасының «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауын жүзге асыру бойынша ұсыныстарды жасақтау болмақ. Біздің міндетіміз Жолдау аясында жас депутаттар өздерін қандай салада көрсете алатынын анықтау»,- деп толықтырды ол.

Ерекше басымдылық жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға берілген.

Оның айтуынша, жас депутаттар стратегиялық құжатты іске асыруға дайын. «Өзге мемлекеттен келген серіктестер тәжірибесімен бөлісуге және бізден үйренуге әзір»,- деп түйді Жас депутаттар қауымдастығының төрағасы.

Камила Амирова


Back to the list