• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған студент жастардың фестивалі өтуде 22.10.2014

Фестивальді өткізу мақсаты - студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру.

Фестивальға «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жобалар байқауы, «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы, «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы шаралары кіреді.

«Іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға фестивальдің GALA-форумына шақыру жіберіледі.  Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орынға ие болған байқау қатысушыларының бас жүлдесі - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты.  Байқаудың үздік материалдары арнайы студенттік жұмыстар жинағында жарияланады», - деп хабарлады «Жандану» экологиялық жобасының баспасөз қызметі.

 


Back to the list