20.10.2014
«Соңғы бейнеөнімге келер болсақ, менің ойымша, бұл өте құнды дүние болмақ. Қанша уақытқа созылатынын қазір дөп басып айта алмаймын, дегенмен материал өте көп. Мүмкін, бірнеше сериядан тұратын бейнеөнім болмақ, мүмкін толықметражды фильм болуы да ғажап емес», - дейді.
Сонымен қатар жетекшінің айтуынша, аталмыш дүние республикалық телеарналарда көрсетіледі.
«Менің ойымша, бұқаралық ақпарат құралдары аталмыш өнімді республикалық деңгейде насихаттамақ», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» жобасы қазақстандық жастардың басын біріктіріп, елдің көркем жерлерін насихаттау мақсатында қолға алынып отыр.
Индира Қауметова