20.10.2014
Аталған форум «Қазақ и Я» қоғамдық қорының бір жыл бойы жүргізген ғылыми-практикалық, ақпараттық-үгіт шаралар кешенінің қорытындысы болды.
« «Елімнің тағдары - менің тағдырым» жобасының басты мақсаты - жастарды белсенді азаматтық позицияға, патриотизмге тәрбеиелеу», - дейді ішкі саясат басқармасының жетекшісі Запен Жақсыбаева.
Кейін салтанатты түрде ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге үлес қосқан, жобаға белсенді қатысқан он адам алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың арасында профессор Амангелді Айталы, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев, «ЕрБақыт» патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси кеңесінің мүшесі Еркін Құрманбеков пен басқалары бар.