18.10.2014
«Біздің Қазақстан-2050 жалпыхалықтық қозғалысы желілік ұйым болып табылады. Біздің ұйымның басты ерекшелігі, бізде бастық-бағынушы ұғымы мүлде жоқ. Сонымен қатар, жалпыхалықтық қозғалысымыз елдегі кез келген қоғамдық маңызы бар саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуде бір арнаға топтасып, кейін қайта өз жұмысымызбен айналыса береміз», - деді ол.
Оның айтуынша, келер аптада, 25 қазанда Алматыда жалпыхалықтық қозғалыстың ұйымдастыруымен «Токс-2050» атты Форум өтеді.
«Форумда Қазақстанның болашағы туралы жан-жақты пікірлер айтылады. Жалпы, ғылымда «футуралогия» деген ағым бар. Яғни болашақ туралы ілім. Біздің жалпыхалықтық қозғалыс қазіргі таңда қолданбалы футуралогияны енгізу жолында еңбек етуде. Біз қазір еліміздің болашағы туралы не білеміз? Біздің бала-шағамыз бен сол заманның адамдары қандай болады? Олардың құндылықтары не болады? Халқымыздың саны қанша болады? Еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие мамандық пен ел экономикасының қандай бағытта өрбитіні қарастырылады. Аталмыш шарада осы сауалдарға жауап ізделеді», - дейді Д.Жұмин.
Бауыржан Мұқанов