09.10.2014
ҚР Білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясы үлгерімі үздік, алдыңғы қатарлы ғылыми журналдарда ғылыми жарияланымдары бар, қоғамдық өмірге белсене араласатын ұлттық жоғары оқу орындарында білім алатын 10 үміткерді іріктеді, деп хабарлады ведомствода.
Айта кетейік, Назарбаев стипендиясы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесінің өмірлік ай сайынғы стипендиясы есебінен қалыптастырылады және әрқайсысы 6 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі он стипендия мөлшерінде белгіленеді.
Назарбаев стипендиясы жоғары оқу орындарының екінші оқу жылынан бастап күндізгі оқу бөлімінің барлық оқу кезеңінде үлгерімі үздік бағаларға ие, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласатын магистранттарына тағайындалады.