08.10.2014
Қуантатыны, белгіленген аз уақыт ішінде Ақмола облысының көп жастары іс-шараға белсенді түрде ат салысты, қолдарынан келген көмектен аянып қалмады.
Жақында, Щучинск қаласындағы 107 адамнан тұратын қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде Бурабай аудандық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Я.Стерлиговтың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Іс-шара кезінде – «Кітап – ең құнды сыйлық» науқаны аясында жиналған 100-ге жуық кітап мекеме кітапханасына табысталды.
Жарқайың ауданы Державинск қаласындағы қарттар үйіне 55 кітап сыйланып, жасотандықтар ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
«Қарттар және мүгедектер үйіндегі кітапханаларда кітап тапшылық ететіні бәрімізге аян. Қарттардың кітап алуға да жағдайлары жоқ екенін білеміз. Бұл жандарға жалғыздықты, ауыртпашылықты сезіндірмеу біздің қолымызда!», - деп «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жанара Жүнісова өз кезегінде деген болатын.
Айта кеткен жөн, арнайы комиссия барлық жиналған кітаптар ішінен ең қажетті, яғни романдар, энциклопедия, тарихи оқиғалар жайлы құнды кітаптарды саралап алынды.
«Жас Отан» ЖҚ мүшелерінің араласуымен 420-дан астам тұрғын тұратын қарттар үйлеріне 500-ден астам кітаптар табысталды.