05.10.2014
Кездесуде сөз алған ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Руслан Әлімов қоғамдық бірлестіктің Достастық елдері жастарын әскери-патриоттыққа тәрбиелеуді дамытудағы және ТМД мемлекеттері қарулы күштері арасындағы байланысты нығайтудағы маңызын атап өтті», - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс минисрлігі.
ҚР қорғаныс министрі Қазақстанда кадеттік қозғалысты қалыптастыру мен жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу саласындағы жаңа әдістемелерге үлкен мән беріліп отырғанына тоқталды.
«Кадеттік бауырластық» Халықаралық ассоциациясы шеңберіндегі ынтымақтастық Достастық кеңістігіндегі әскери-патриоттық қозғалыстарды дамытуға жаңаша қарқын береді», – деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары.
Кездесу соңында Қорғаныс министрлігі мен «Кадеттік бауырластық» Халықаралық ассоциациясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.