23.09.2014
Байқауды ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Студенттік өзін өзі басқару және дамыту кеңесі» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.
Шараның жүлде қоры 2 млн теңге. Бұл ақша «Жыл студенті», «Жыл спортшысы», «Жыл журналисі», «Жылдың қоғамшылы», «Жыл дарыны», «Жыл шешені», «Жылдың еріктісі», «Жыл патриоты», «Үздік студенттік жоба», «Студенттік өзін өзі басқарудың үздік органы» аталымдары бойынша 10 жеңімпазға беріледі.
«Байқауға қатысуға өтініштер биылғы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Осы шара арқылы біз студенттердің әлеуметтік белсенділіктерін арттырып қана қоймай, университет өмірінде барынша белсенді жастарды анықтамақпыз», - дейді Қордың атқарушы директоры Камилла Рахматуллина.