22.09.2014
«Ақпараттық кампания өз жұмысын Ақтаудан бастайды. ҚР білім және ғылым министрлігінің халықаралық бағдарлама орталығының мамандары Қостанай, Рудный қалаларына барады, сондай-ақ Қызылорда қаласында стипендияға әлеуетті үміткерлермен кездеседі, оған орталықтың президенті Ғани Нығыметов келеді. Кездесу кестесінде Өскемен, Семей қалаларында да шаралар ұйымдастырылады, кампания өз жұмысын Тараз қаласында аяқтайды», - деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
Көшпелі брифингтер қалалардың өндірістік кәсіпорындарында, университеттері мен облыстық әкімдіктерінде өткізіледі. Шараға қатысушылар – мемлекеттік қызметкерлер, өңірлік ЖОО түлектері, өңірлік ірі компаниялардың инженер-техник мамандары, масс-медиа өкілдері, мәдениет және өнер қызметкерлері.
«Болашақ» бағдарламасының негізгі тапсырмаларының бірі 2050 Стратегиясын жүзеге асыру. Өңірлерді білікті және тапшы кадрлармен қамтамасыз ету.
Брифинг аясында қатысушыларға қажетті құжаттар тізімі мен олардың мерзімі түсіндірілді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасының негізгі жетістіктері таныстырылды.