08.09.2014
«Жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми-тәрбиелеу қызметі азаматтық ұстанымы қалыптасқан тұлға қалыптастыруға бағытталған», - деді Е. Иманғалиев.
Сондай-ақ, ол оқыту саясаты жетілуінің негізгі аспектілері жайында атап өтті.
«Азаматтық қоғамның іргетасы білім болып есептеледі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің «2050 Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтып өткен. Жаһандану тәртібінде оқыту саясатын жетілдіруді экономикалық және қоғамдық қарым-қатынассыз дамыту мүмкін емес», - деді ол.
ҚР БҒМ вице-министрі оқыту мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі міндет -ұлттың зияткерлігін қалыптастыру.
«2011-2020 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің жаңғыртылуына ерекше мән береді, оның өкілдері әлеуметтік жауапкершіл және патриоттық сезімге өте бай», - деді ол.
Индира Қауметова