06.09.2014
«Астаналық хаб жаңа ұрпақтың қоғамдық көшбасшыларын дайындауда әлеуметтік лифтке айналуы мүмкін.Сіздер жаһандық көшбасшы болып саналасыздар, көшбасшылықтың маңызы мен құнын білесіздер. Әрбір жобаның артында тұлға, күнделікті жұмыс тұрғанын білесіздер», - деді Б. Байбек.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстан егемендігінің бірінші күнінен бастап әлеуметтік салаларда көшбасшылық бағыт алды.
«Біз Қазақстандағы тұлғалық және көшбасшылық құндылықтарды білеміз. Біздің ел тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап білім және ғылым, экономикалық даму, жаһандық ядролық қарусыздану саласында жетекшілік алды», - деді ол.