03.09.2014
«Қазақстан жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жаһандық даму индексінде 170 мемлекеттің ішінен 27 орында тұр. Бұл Елбасының сарабдал саясаты мен Үкіметтің қолданып шатқан шараларының тиімділігінің айғағы», - деді Ж.Бұқанова.
Ол атап өткендей, бүгінгі таңда жастар саясаты нормативті-құқықтық жүйе жағынан толығымен қамтылған.
«Біз қазақстандық жастарға өз мойнына жауапкершілікті көтере алуына, техникалық процестердің белсенді қатысушысы болуына көмектесуіміз керек»,- деп толықтырды ҒЗИ директоры.
Айта кетерлік жайт, «Жастар» ҒЗИ Елбасының тікелей тапсырмасымен 2013 жылы құрылған. Оның басты мақсаты жастар саясаты саласында терең зерттеу жүргізу.
Камила Амирова
Суретті түсірген Азамат Әлиев