• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Сәтті қадам» жобасы бойынша БҚО-ның 11 жас маманы іс-тәжірибеден өтеді 30.08.2014

БҚО бойынша жобаға қатысқысы келгендердің жалпы саны 53 адам, олардың ішінен 45-і сұхбаттасуға жіберілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ал, сұхбаттасуға 21 адам қатысты, олардың ішінен 11 түлек үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінен бастап іс-тәжірибеден өтетін болып келісті.

Бүгінгі таңда «Жас Отан»ЖҚ облыстық филиалы ұлттық компаниялардың еншіліс ұйымдарымен және алты мемлекеттік органмен меморандумға отырды.

Естеріңізге сала кетейін, жоба мақсаты – жастарға мамандығы бойынша тәжірибе жинауға және одан ары жұмысқа орналасуына жағдай жасау. 


Back to the list