20.08.2014
Студенттердің қоғамдық көлікпен жүруіне екі жылдан бері 50 пайыз жеңілдік жасалып келеді.
273 студентке алыс және жақын шетелдерде, сондай-ақ, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында демеушілер есебінен оқу ақысы төлену ұйымдастырылуда.Алғашқы жартыжылдықта 44 мыңға жуық жас (облыстағы жастары саны – 158 мың адам) мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысты.
Сондай-ақ, биыл барлық ауданда Жастар ресурстық орталығы ашылды.
«Облыста баспанаға мұқтаж 1000-ға жуық жас отбасы тіркелген. Осыған орай, облыстық «Жас Отау» жобасымен
90 пәтерлік, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін 240 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Екі үй де жыл соңына дейін тапсырылады», - делінген хабарламада.