13.08.2014
«Қозғалыс жобаларын еріктілер тобы мен ұйымның белсенді мүшелері іске асырады. Бүгінде қозғалыс белсенділерінің саны 4000 адамға жетті. Олардың саны артып келеді. Қозғалыс мүшелерінің 80 пайызы 25 пен 40 жас аралығындағы адамдар, олардың ішінде бизнес, ғылым мен білім, денсаулық, отандық және шетелдік өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер бар. Жыл соңына дейін «Қазақстан- 2050» жалпыұлттық қозғалысы мүшелерінің саны 10 мың адамнан асатын болады», - деді Д.Жумин.
Сонымен қатар, ол қозғалыс еліміздің барлық аймақтарында және Астана мен АЛматы қалаларында жұмыс істейтінін атап өтті.
Индира Кауметова