• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
"Казақстан-2050" қозғалысы жарты жыл ішінде 16  жобаны іске асырды 13.08.2014

«Қозғалыс құрылған алты ай ішінде «Қазақстан-2050» стратегиясы алға тартқан міндеттерді орындау бағытында 16 жоба қолға алынды. Қазірде 4 жоба аяқталды, ал 12-сі жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар азаматтық тұтастық пен жауапкершілікті нығайтуды, отандық экономиканы дамытуды, білім беру сапасын арттыруды және аймақтарды тең дәрежеде дамытуды көздейді», - дейді Д.Жумин.

Оның айтуынша, биылғы жылдың тамыз айына дейін «Қазақстан- 2050» жалпыұлттық қозғалысының жобаларына 140 мыңнан астам адам қатысқан. Жыл соңына дейін қозғалыс жобалары 300 мыңға жуық адамды қамтиды деп жоспарлауда.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысын құру туралы идеяны ҚР президенті Н.Назарбаев ұсынды. Ол өзінің ойын «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында  білдірген болатын.

Индира Кауметова


Back to the list