13.08.2014
Осыған дейін оны әртүрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді 90 жас иеленген еді. Бүгін олардың қатары тағы артты. «Сыр үміті» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін артыру мақсатында 2010 жылдан бастап беріліп келеді. Аймақ басшысы елімізде, оның ішінде облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарламалар аясында жастардың білім, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет салалары бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрақты жолға қойылған. Қазірде Сыр елінің 117 түлегі шетелде білім алуда. Биыл инвестициялық форумның нәтижесінде 115 түлек Мәскеу, Санк-Петербугтың маңдайалды университеттерінде білім алады. Сыр жастары қайсар рухты, жаңашылдыққа жаны құмар жандар. Сіздер артылған үмітті ақтайды деп зор сенім білідіремін, - деді Қ.Көшербаев.
Қызылордада әлеуметтік парк салынатын болды. Аймақ басшысы салтанатты шарада оның қаржысы шешілгендігін айтып, орталық стадион жананынан бой көтеретінін жеткізді.