• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Қарағанды облысының жастарымен кездесті 12.08.2014

«Нұр Отан» өз жұмысында партияның аймақтық филиалдары жұмысының тиімділігіне және бастауыш партия ұйымдары қызметінің қарқынын күшейтуге  баса назар аударылады.

Сапар барысында Б.Байбек зауыттың бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысып, ұйым мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.

Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде 400 мыңнан астам нұротандық жаңа партия билетін алды, бұл - «Нұр Отанның» барлық мүшелерінің 50 пайыздан астамы.

 Билетпен қоса партияның ХV съезінде қабылданған, «Нұр Отанның» негізгі құндылықтары мен бағыттары көрініс тапқан партия Доктринасы табыс етіледі.

Сондай-ақ, партияның бірінші төрағасы өңірдің жастарымен кездесті.

«Бүгінде мемлекет жастардың өзін-өзі танытуы үшін барлық жағдайды жасап отыр.  Сондықтан жастар өз кезегінде өздерінің жасампаз белсенділігі мен сындарлы азаматтық ұстанымын Қазақстанды әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына қосу мақсатына жетуге арнауы қажет», - деді Б.Байбек.

Кездесуге «Жас Отанның» еріктілері де қатысты. Биыл олардың күшімен Бұқар жырау ауданындағы су басқан Көкпекті ауылында 17 тұрғын үй қалпына келтіріліп, қазір тағы бірнеше жаңа үй бой көтеріп жатыр.


 


Back to the list