08.08.2014
Студенттік бизнес инкубатор студенттер арасында инновациялық іскерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Жобаларға орындар дайындау, қондырғылар және Қазақстандағы кіші және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жобаларды бастапқы кезеңде жарым - жартылай қаржыландыру экономика секторын нақты бекітуге мүмкіндік береді.
«Студенттік бизнес-инкубатор студент жастардың еңбек нарығында жылдам бейімделуіне септігін тигізеді. Бизнес-инкубатордың нәтижелі өнімі еңбек нарығында жылдам бейімделетін бизнеске икемі бар тәуелсіз кәсіпкер болып табылады», - деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік сұрақтар бойынша директорының орынбасары Арман Бимағанбетов мәлімдеді.
Оқу үрдісінен кейін студенттер өздері студенттік бизнес-инкубатор базасында бизнес-жоспар дайындайды.