• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының ІІІ слеті өтеді 21.07.2014

«Слет шетелде оқитын белсенді және бей-жай емес студенттер өміріндегі жыл сайынғы маңызды оқиғаға айналды. Сонымен қатар, халықаралық дәрежеге ие Слет әлемнің түрлі елдерінде оқитын студенттер үшін құрылымдық диалог алаңына айналды», - делінген хабарламада.

Іс-шара шеңберінде шығу бейресми іс-шаралары, тренингтер, «байлам» курстары да жүргізілуде, олардың мақсаты әлемнің түрлі елдерінде оқып жатқан қазақстандықтар арасында байланыстарды орнату болып табылады.

Іс-шара бағдарламасында мемлекеттік жастар саясаты, халықаралық қатынастар, геосаясат, азаматтық сектор және т.б. салалардағы сарапшылардың қатысуымен пленарлық пікір-талас, жобаларды, ұйымдарды, команда құрылымдарын және т.б. басқару дағдыларына оқытуға бағытталған кешенді шығу іс-шарасын, болашақтықтардың, шетел ЖОО студенттерінің, белгілі бір білім саласындағы мамандардың және басқалардың қатысуымен сараптама топтарында жұмыс өткізу жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ Слетте Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының бірыңғай ақпараттық алаңының тұсаукесері өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның отандық және шетелдегі студенттік ұйымдарын шоғарландыру, шетелде оқып жатқан қазақстандық жастардың халықаралық студенттік және жастар үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекетін дамыту.


Back to the list