21.07.2014
Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес, Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары 1379 адамға, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері – 246, салық басқармасы қызметкерлері – 286, «Тұрғынүйжинақбанкі» мамандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1299, кәсіпкерлікті қолдау басқармасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызметкерлері – 659, құқықтық қорғау оршандары өкілдері – 379, психологтар мен заңгерлер – 889, жастар ұйымдары мен жастар саясаты жөніндегі басқарма өкілдері – 645, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары 645 адамға кеңес берген.
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында базарларда 108 спорттық шара ұйымдастырылып, футбол, волейбол, үстел теннисінен турнирлер өтті.
Сондай-ақ консалтинг-орталықтардың жанынан флюрографияден өту, қандағы қант құрамын, қан қысымын тексеру секілді тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Кардиолог, окулист, лор-дәрігер мен терапевт мамандар қабылдау жүргізді.
Осылайша, барлығы 127 рет тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылған болса, онда 1735 адамға қызмет көрсетілді.
Жоба шеңберінде сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, консалтингтік компаниялар өкілдері мен тәуелсіз бизнесмендердің қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізілді.