15.07.2014
«Өздеріңіз де білерсіздер, Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Старатегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жоладуында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның мәңгілік құндылықтар болып табылатын қажыр-қайратпен, еңбекқорлықпен және мақсатқа жету жолындағы жігермен қарулануға шақырып, Отанның алдындағы борыштарды орындауда болашақ атына еңбек етуге үндейді. Осы орайда мемлекет пен қоғамның өмір сүру нормасы отансүйгіштік пен дәстүрге деген құрмет болуы тиіс. Осы құндылықтардың сақталуы үшін әркім өзіне түскен жүкті абыроймен атқаруы қажет. Бірінші әскери-патриоттық лагерьдің басты мақсаты – азаматтықты даыту, патриотизм мен кәсіби біліктілікті арттыру, қоғам өмірінің кез келген жағдайында әрекетке дайын болу», - дейді жоба үйлестірушісі Айдос Пәрімбек.
Лагерге қатысушылар қатарында шамамен 100 жасөспірім бар. Олардың арасында әскери-патриоттық, әскери спорттық клуб өкілдері мен мемлекеттік құрылым өкілдері, республиканың түкпір-түкпірінен жиналған жастар бар, деп хабарлайды Қазақстанның әскери-патриоттық клубы кеңесінің баспасөз қызметі.
«Отан қорғаушы» әскери-патриоттық лагерінің жұмыс бағдарламасы барынша жан-жақты. Апта бойы Алматы облысындағы ҚР ҚМ Құрлық әскері әскери институтының базасында болашақ отан қорғаушылар әскери техникамен танысып, әскери және атыс өнерінің қыр-сырына қанығады.