11.07.2014
«Біздің акциямыздың мақсаты мен міндеті - Аңырақай шайқасы. Ол 1729 жылы осыдан үш ғасыр бұрын болған жоңарларға қарсы шайқас. Онда біздің қазақтың батырлары өз ерліктерін көрсетті. Сондықтанда біз бұл жеңісті отандық, яғни мемлекеттік деңгейде атап өткіміз келеді», - деп Н. Құдайбергенов ағынан жарылды.
Сонымен қатар ол, әр қалада акция шеңберінде біз Аңырақай шайқасы бойынша семинар өткіздік. Көптеген тарихшылар мен ғалымдар біздің ұсынысымызды қолдап отыр, деп атап өтті.
Айта кетерлік жайт, игі шара «Бабалардың ерлігі - Тәуелсіздіктің бастауы» - «Подвиг предков - исток независимости» деген айдармен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2012 жылы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауында бұл шайқастың маңыздылығын атап өткен болатын.
Индира Кауметова