11.07.2014
«Семинардың мақсаты – өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін тиімді іске асыру үшін әскери-патриоттық, әскери-спорттық, әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтар бірлестігі қызметін үйлестіру жұмыстарын оңтайландыру болып табылады», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Пленарлы отырыс пен дөңгелек үстел аясында Қазақстанның юнармейлік ұйымдарын дамытудың басты жолдары талқыланып, шақырылымға дейінгі саладағы тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Семинар қатысушылары ҚР Қорғаныс күштерінің жетістіктерімен танысып, курсанттарды оқытудағы заманауи әскери әдістемелерге қанық болады.
Сонымен қатар бағдарламада әскери дайындық пен психология, техникалық дайындық, сапқа тұру дайындығын оқыту әдістемесі, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен қару-жарақты қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің қолдауымен «Қазақстанның әскери-патриоттық клубы кеңесі» корпоративтік қоры.