28.06.2014
«Біз форумға Президенттің бастамасын қолдауға келдік, сондай-ақ, оның біздің елдің дамуына бағытталған, экономикалық мықты мемлекет құруды көздеген Стратегиясын да қолдаймыз. Осы мақсаттарға жету барысында бірігу үшін келдік. Біз үшін Президенттің Стратегиясы мен аталмыш қозғалыс біріккен күшке айналды», - деді Б. Рябуха.
Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәтінін оқысақ, бір негізгі идея жатыр, ол қазақ елін бір мақсаттың ішінде көруі, барлығының қалауы – бір.
«Стратегияда жетекші технологиялармен қамтылған мемлекеттік бейнесі суреттеледі. Сондықтан да «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыстың құрылуы үлкен жетістік, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз», - деді ол.
Мадина Нұрбекова