• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазақстан 2050» қозғалысы 9 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды – М. Манкеев (Брифинг бейнебаяны) 26.06.2014

«Бүгінгі таңда біз 9-ға жуық жобаны жүзеге асырдық. Ең тұңғыш жобамыз «Сәби жүрек». Жоба – жүрек мүкісімен туған балаларға арналған кітап. Қазақстанда қазақ тілінде шыққан бірде-бір кітап болмады, қазір барлық кардиология орталықтарында балалар мен аналарға арналған кітап тегін таратылуда», - деді ол.

Оның айтуынша, екінші жоба, «Біздің күш-қуатымыз – бақытты отбасында», ол мәдениет пен отбасы құндылықтарын назарға алады. Жалпы, жоба отбасылық құндылықтарды басымдыққа алып отыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың 28 маусымында Астанада «Қазақстан 2050»Жалпыұлттық қозғалысының  1-ші форумы болып өтеді. Оған 400 делегат қатыспақ.

Мадина Нұрбекова


Back to the list