16.06.2014
«Жасыл ел» бағдарламасы Мемлекет абсшысының бастамасымен жүзеге асырылады. Студенттік құрылыс жасақтарының негізгі мақсаты студенттердің материалдық және әлеуметтік мәселелерін шешу және жастарды жұмысқа орналастыру.
«Биылғы маусымда мыңдаған студентті жұмыспен қамту көзделген. Еңбек маусымы жазда болады, бұл кезеңде ниет білдірген барлық студент жұмысқа орналаса алады. Қазіргі уақытта 300 студент қала құрылысы мен көгалдандыру жұмыстарына жіберілді. Сонымен қатар, жасақ мүшелерін қоғамдық тамақтану саласында жұмысқа тарту үшін кәсіпорындармен келісімдер жасалуда. Бұдан басқа, аула аумақтарын тазарту бойынша бірқатар акциялар өткізілмек», - деді Астана қаласының студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары штабының төрағасы Әділбек Бекташев.
Осы сияқты еңбек жасақтары еліміздің жастарын біріктіріп, оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі. 2005 жылдан бастап штаб 7000 мыңға жуық студент пен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз етті.