13.06.2014
Қызылорда облысында жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды жұмыспен қамту, қолдау мақсатында әлеуметтік нысандар, жатақханалар, спорттық нысандар құрылысы қарқынды жүруде.
Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 602 маманға 175, 3 млн теңге бөлінсе, тұрғын үй құрылысын жүргізу немесе сатып алу мақсатына 449 жас маманға 1 165,8 млрд теңге бөлінген.
Сырдария ауданы бойынша 85 маманға 24 млн 486 мың теңге бөлінсе, тұрғын үй құрылысын жүргізу немесе сатып алу мақсатына 70 маманға 181 млн 755 мың теңге бөлінген.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Сырдария ауданы бойынша 90 маманға 22 млн. 362 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 74 жас маман қызмет атқаруда. Ал, Н.Ілиясов ауылының өзінде жастар тәжірибесі бойынша 5 жас маман қызмет атқарады.