10.05.2014
Патриоттық идеяны іске асыру үшін Өскемен қаласындағы жағалауға жүзден астам адам жиналды, дка хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Акция қатысушылары негізінен еріктілер, олардың қатарында әлеуметтік желілердегі танымал «Воркаут» қозғалысының немесе «көше гимнастикасы» аталатын топтың жақтастары болып табылады. Оның қатысушылары көшедегі спорттық нысандарда түрлі жаттығулар жасайды.
«Біз өзімізге 25 203 жаттығу жасауды мақсат еттік. Өйткені бүгінге дейін Жеңіс күнінен бері осыншалықты күн өткен. Біздің негізгі мақсатымыз Ұлы Отан соғысы Жеңісінің қадір-қасиетін насихаттап, біздің толқынның ұрпағына аталарымыздыың ерліктерін дәріптеу. Сонымен қатар рух пен денені қатар тәрбиелеу», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Дмитрий Швабенланд.
Тағы бір рекорда облыстың екінші бір қаласында қойылды. Риддер қаласында қала әкімі Жомарт Мұратовтың бастамасымен кәсіпкерлердің қолдауымен Жеңістің 69 жылдығына арналған 69 кг-дық торт дайындалды.