15.04.2014
«Бұл ең алдымен жастарға қажет. Мектепте, оқу орындарында оқитын жастар пайдаланады. Қарапайым халыққа да қажет, олар да бұл терминдердің мағынасын түсіну керек. Менің ойымша, бұл анықтамалық өте қажет, дер кезінде жарыққа шығып отыр. Осы құжат "Қазақстан-2050" стратегиясының орындалуына елеулі үлесін қосады деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.
Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясының терминологиялық сөздігі мектептер мен оқу мекемелерінде қолдануды ұсынды.
«Өздеріңіз білетіндей, Академия мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеп, дайындаумен айналысады. Біз бұл терминологиялық сөздіктің негізін оқу үрдісінде пайдаланып жатырмыз. Әрине, бұл сөздіктер Қазақстанның даму перспективасын анықтайды. Олардың қолданылуы үрдісті біршама жеңілдетеді», - деді Академия ректоры.
Айта кетейік, бүгін «Казконтент» АҚ «Қазақстан-2050» Стратегиясының интерактивті терминологиялық анықтамалығын таныстырды, ол 90 терминнен тұрады.