15.04.2014
«Қолданысқа енгізілген кейбір ұғымдар қарапайым халыққа таңсық сөздер. Мысалға, «инновация», «IPO» сөзін қалай түсінуге болады? Егер сіз бұл саланың маманы болмасаңыз түсінер-түсінбесіңіз екіталай. Уақыт өткен сайын жаңа сөздер тұрмысымызға еніп жатыр, оларды игеруіміз керек», - дейді Д.Жұмин.
Оның айтуынша, анықтамалық Жолдауда түрлі салалар бойынша айтылған ойды қарапайым халықтың түсінуіне көп көмегін бермек.
«Анықтамалық біздің Жолдауды өз дәрежесінде түсінуге мүмкіндік береді. Инновация деген сөзді түсінуіміз керек, өйткені ол біздің тұрмысымызға енді. Ал «Мәңгілік Ел» ұғымы өз алдына бөлек әңгіме», - дейді қозғалыс төрағасы.
Оның ойымша, анықтамалық қоғам мен мемлекеттің өзара түсінісуіне бастайтын алтын көпір.