• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Г.Әбдіқалықова:  Халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі жоғары бағаланады (Фото) 12.12.2014

Мемхатшы соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда сәби өлімі үш есеге, ана өлімі бес есеге қысқарғандығын айтты.

«Алайда, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына ену үшін бізге бұл көрсеткішті барынша жақсарту қажет. 2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қызметі аяқталады. Жаңа үкіметтік бағдарлама әзірленеді. Оның дайындалу барысында біздің ұсыныстар ескерілгенін қадағалаймыз», - деді Г.Әбдіқалықова.

 «Бүгінде халықаралық рейтингте Қазақстан әйелдерінің белсенділігі өте жоғары бағаланып отыр. Мемлекет басшысы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойды. Біздің әйелдердің экономикада, саясатта, жалпы, бизнес қатысуы бойынша көрсеткіш жақсы бағаға ие болып отыр. Біз 30 бен 40-шы позицияның аралығында тұрмыз», - деді Мемлекеттік хатшы. 

Мемхатшы келер жылы 100 млрд теңге шағын және орта бизнеске бөлінетіндігін айтып өтті.

Камила Амирова 


Back to the list