11.12.2014
ҚР СІМ хабарламасы бойынша «АТОМ» жобасы аясында ядролық қарудан бас тартуға бел буған кез келген адам онлайн-петицияға қол қоя алады.
Қазіргі таңда «АТОМ» жобасының онлайн-петициясын www.theatomproject.org вебсайтында 100-ден астам елден 100 мыңға жуық адам қолдау көрсетіп, қол қойған.
«Меніңше, біз ең алдымен бұл тығырықтан шықпаған ел басшыларының назарын аудара аламыз. Бірінші кезекте, өзге елдердің басшыларымен бірге ядролық қарудан бас тартпаудың салдары неге әкелетіндігін көрсетуіміз қажет», - деді К.Күйіков.
Айта кетерлігі, онлайн-петицияның мақсаты міндетін ядролық қаруға қарсы жоба аясында Қазақстанның қоғамдық қайраткерлері қолдады.
Жылда «АТОМ» жобасының аясында ядролық сынақтардың құрбандарын еске алу мақсатында 29 тамызда сағат 11.05-те бір минут үнсіздік жарияланады.
«АТОМ» жобасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қарусыздандыру мен қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамасы болып табылады. Бұл жобаны Елбасы 2012 жылы 29 тамызда, халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге» халықаралық конференциясында жариялады.
Камила Амирова