14.11.2014
Сонымен қатар халықтың 95,4%-ы «Нұрлы Жол» бағдарламасының жұмыспен қамту мәселелерін шешетінін айтады.
Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, респонденттердің 87,5%-ы «Нұрлы Жол» бағдарламасы арқасында жылу және сумен қамту желілері жөндеуден өтіп, жол жаңартылып (85,6%), балабақша мен мектеп тапшылығы өз шешімін табатынына сенімді (83,4%). Сонымен қатар, барлық өңір электр қуатымен қамтамасыз етіледі дейді сауалнамаға қатысқандардың 82,3%-ы. Ал 81,8%-ы аталмыш бағдарламаның шағын және орта кәсіпкерлікке серпін бермек.
Айта кету керек, 11-12 қарашада ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына орай Еуразиялық интеграциялық институт халықа арасында телефонмен жедел сауалнама жүргізген еді. Сауалнамаға жалпы саны елдің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 812 мың адам қатысты.