• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан адам құқығы бойынша әлемнің  60 шақты конвенциясына  мүше - Б.Әйтімова 15.10.2014

«Қазіргі таңда қыз бала құқықтарының қорғалуы, орта білім алуға қолжетімділігі мәселесі көптеген елдерде әлі де болса күн тәртібінен түсер емес. Ал Қазақстан Республикасында қыз балаларды кемсіту мен жалпы гендерлік теңсіздік мәселесі мүлде туындаған емес. Елімізде қыз балалардың міндетті орта  білім алуы мен құқықтарының сақталуына тек заңнамалық қана емес, сонымен қатар іс жүзінде де жағдай жасалынған. Қазақстан Республикасы адам құқығы, гендерлік саясат, мүгедек пен балалардың құқығын қорғау бойынша әлемдегі 60 шақты конвенцияға қосылып, оның көпшілігін ратификациялады», - дейді сенатор.

Оның айтуынша, Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында да қоғамдағы әйелдердің маңыздылығы ерекше назарға алынған.

«Гендерлік теңдік пен адам құқығын өз деңгейінде қамтамасыз еткен ел ғана әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарынан көріне алады», - дейді депутат.

Шараға қатысушылар бүгінгі таңдағы әйел затының құқықтарын қорғау мәселесінің маңызды тұстарын қарастыра отырып Мемлекет басшысының 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы отбасылық қарым-қатынасты, моральді-этикалық және рухани-танымдық құндылықтарды нығайтуға арналған жалпыұлттық бағдарламаны  дайындау туралы тапсырманы орындау жайын талқылады.

Бауыржан Мұқанов


Back to the list