09.10.2014
«2025 жылға қарсы біз жемқорлық дәрежесі төмен 30 елдің қатарына енуді жоспарлап отырмыз. Ол 4 талап бойынша жемқорлықты азайтуға бағытталған, бәсекелестіктің жаһандық индексі бойынша Дүниежүзілік банктің индикаторына сйкес бизнесті енгізу үшін бейресми түрде пара немесе төлем қабылдау», - деді Б.Байбек.
Оның айтуынша, партияның жемқорлыққа қарсы іс –қимыл бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін кешенді индикаторлар арнайы өлшем бөлуге мүмкіндік береді.
«Біздің елде 2050 Стратегиясын жүзеге асыру бойынша индекстер – арнайы өлшем бөле алатын кешенді индикаторлар, біз бағдарламада халықтың сену индексін енгіздік, нақтырақ: құқыққорғау органдарына, соттарға.Біз жыл сайын жүйелік баяндаманы жариялауға мүдделіміз. Бұл партия қолданып жатқан шаралардың тиімділігі, ол өз ішінен сарапталатын болады. Біз апта бойынша әлеуметтік кәсіптік қызметтермен бірлесіп жұмыс жасаймыз», - деді Б.Байбек.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының 15 Съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы іс қимыл стратегиясын құру тапсырылған болатын.
Индира Қауметова