• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Трансформация мен инновация ҚР-ның 30 дамыған елдің қатарына енуі үшін ауадай қажет-депутат 07.10.2014

«2050 Стратегиясы «Нұр Отан» партиясы фракциясы үшін негізгі құжат болып табылады және ең басты сипатқа ие. 30 дамыған елдің деңгейіне өсу үшін қойылған міндеттерді мезгілінен бұрын орындауға тырысу қажет. Ол үшін инновацияға ұқсас трансформация керек», - деді төменгі палата депутаты.

Бұл бағыттағы бірінші қадам, оның айтуынша, жүзеге асты, ықшамдалған үкімет өзінің құру кезеңінен өтті. «Ықшамдалған үкімет құру формалді түрдегі қысқартулар мен жұмыстан шығарулардан ғана тұрмауы керек, терең құрылымдық өзгерістер жасалуы тиіс», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Парламентке келіп түскен бюджеттің көптеген кемшіліктері бар екені байқалады.

А.Соловьева атап өткендей, сайлау алдындағы платформа 14 бағытты қамтиды, ол бойынша 300 көрсеткіш бар, ал, олар 195 тапсырмадан тұрады, оның 70-і платформа көрсеткішімен тікелей байланысты.

Камила Амирова


Back to the list