30.09.2014
«Бүгін ЕҰУ базасында Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мен оны насихаттаудың жаңа жолдарын табуға арналған кеңес өтті. Оның негізгі мақсаты жастар,студенттер мен магистранттар, докторанттарға Елбасы Жолдауының басым 7 бағытын түсіндіру, себебі қазіргі таңда біздің алдымызда жаһандық мәселе тұр, ол: 2050 жылға таман дамыған 30 елдің қатарына ену. Бүгінгі таңда жастар Жолдаудың 7 басым бағытын жете білуі керек», - деді «Халықтар достастығы» ҚҚ директоры Зиябек Қабулдинов.
Айта кетерлігі, шараға ғылыми-методологиялық сүйемелдеу жасап отырған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультеті оның ішінде, философтар, дінтанушылар, педагогтар, психологтар, мәдениеттанушылар, тарихшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушы ұстаздар өзге ЖОО-дан шақырылды. Сарапшылық топтың кеңесін «Халықтардың достастығы» қоғамдық қоры мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Сондай-ақ, шара аясында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ, кітап көрмесі мен «Мәңгі ел» халықаралық ғылыми-тарихи журналының 6-ші нөмірінің таныстырылымы өтті. Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен кездесті.
Индира Кауметова