• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы қаласы ғаламдық қаржы орталықтары рейтингісінде 15 сатыға көтерілді-әкімдік 23.09.2014

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматы қаласы Шығыс Еуропа - Орталық Азия аймағында Ыстамбұл қаласынан кейін екінші орында келеді. Алматыдан кейін Прага, Варшава, Санкт-Петербор, Будапешт, Таллин және Афины қалалары орналасқан.

«Бұл жетістік Алматы қаласы үшін ерекше маңызға ие. Өйткені GFCI рейтингісі инвестициялық индустрия саласының 3 мыңнан астам мамандарынан алынған 25 мыңнан астам жауаптар негізінде құралған. Аталмыш рейтингтің басты мақсаты - әлемдегі негізгі қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігі деңгейін зерттеу. GFCI рейтингісі 83 халықаралық қаржы орталықтарының рейтингтік бағаларының мамандандырылған әдістемесі болып табылады. Оны Z/Yen Group Limited компаниясы Лондон қаласының басшылығына арнап әзірлейді», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы алғаш рет GFCI рейтингісіне 2014 жылы наурыз айында енгізіліп, халықаралық қаржы орталықтарының ресми тізімінде 58-ші орынға жайғасқан болатын.

 


Back to the list