16.09.2014
Семинар Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінің, прокуратура органдары өкілдерінің, ғалымдар мен құқықтанушылардың, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен өтуде.
«Семинардың басты мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қолдану, құқықтық жүйенің жаңартылған жағдайда тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсынымдарды пысықтаудың проблемалы мәселелерін бірлесіп талқылау болып табылады», - делінген хабарламада.
Семинарды кіріспе сөзбен Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель бастады. Ол өз сөзінде осы іс-шараның өзектілігін, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау кезінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Қылмыстық саясат дамуының әлеуметтік-тарихи алғышарттары мен үдерістері, жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құру мәселелері, сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету, қылмыстық іс жүргізу тәжірибесіне прогрессивті жаңартуларды енгізу мәселелері талқыланды.