16.09.2014
«Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-тамызда 2013 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 102,8% құрды»,- делінген хабарламада.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68-ін құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2014 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3699 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 5,7% артық.
2014 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 12519,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2013 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1% кем. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,1%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 4,2% төмендеді.
2014 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 960,5 млрд. теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2,5% артты.
2014 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 107%-ды құрды.
2014 жылғы каңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 70951,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2013 жылғы каңтар-шілдемен салыстырғанда 7,7% төмендеді, оның ішінде экспорт – 48079,8 млн. АҚШ долларын (3,6% аз), импорт – 22871,8 млн. АҚШ долларын құрады (15,3% аз).